Бокстан әлем кубогының финалы: қазақстандықтар кіммен жұдырықтасады?

Jul 7, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Бүгін,6 шілдеде Астанада бокстан әлем кубогының соңғы жарыс күні өтеді. Спортшылар алтын мед

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін,6 шілдеде Астанада бокстан әлем кубогының соңғы жарыс күні өтеді. Спортшылар алтын медаль үшін жұдырықтасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Астана қалалық Жекпе-жек сарайында финалдық жекпе-жектер өтеді. Күндізгі сессия 14:00-де,ал кешкі сессия 19:00-де басталады.

Бүгін финал аясында қазақстандық спортшылар қатысатын 12 жекпе-жек өтеді:

14:00

48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) - Минакши Минакши (Үндістан);


55 келі: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) - Руй Ямагучи (Жапония);


80 келі: Нұрбек Оралбай (Қазақстан) - Йожерлен Сезар (Франция);


85 келі: Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан) - Джугну (Үндістан);


60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) - Ребека де Лима Сантос (Бразилия);


70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) - Лекейша Перголити (Австралия);


50 келі: Санжар Ташкенбай (Қазақстан) - Джей Брайан Барикуатро (Филиппин).

19:00

51 келі: Алуа Балкибекова (Қазақстан) - Пихла Кайво-Оя (Финляндия);


75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) - Суннива Хофстад (Норвегия);


80+ келі: Елдана Тәліпова (Қазақстан) - Нупур (Үндістан);


75 келі: Сабыржан Аққалұқов (Қазақстан) - Рами Киван (Үндістан);


90+ келі: Айбек Оралбай (Қазақстан) - Никита Путилов (Германия).

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында және арнаның сайтында қолжетімді болады.