Семейде жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды

Jun 23, 2025 IDOPRESS
Сұлу Бөлек Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Семейде жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды. Оны іздеуге мыңна

Сұлу Бөлек

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды. Оны іздеуге мыңнан асам адам жұмылдырылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысының ПД-не сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше,баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекен Асыл мен Жұмағалиев Дархан тапқан. "Олардың табандылығы мен кәсібилігінің арқасында іздеу операциясы сәтті аяқталды",– делінген хабарламада.

"Жоғалған бала үйінен шамамен 10 шақырым қашықтағы орманнан табылды. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тапты.Қиын жағдайға қарамастан,полиция қызметкерлері іздеуді бір сәтке де тоқтатпады",– деді өңірлік полиция департаменті.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың анасымен қауышқан сәтінің видеосын жариялады.

"Ұзақ уақытқа созылған іздеуден кейін көптен күткен сәт жетт3 - анасы ұлын құшағына алды. Бұл көрініс барша жанның жүрегін елжіретті. Полиция,құтқару қызметтері және бей-жай қарамаған тұрғындардың арқасында бала аман-есен табылды",– деп хабарлады полиция.

Полиция іздеу жұмыстарына қатысқан және көмектескен барлық азаматқа алғыс айтты.

Еске салайық,7 жасар ерекше бала 21 маусымда кешке үйден шығып,жоғалып кеткен еді.