Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
16-17 маусым күндері Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.
17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді.