Өндіріс

Болгария президенті Қазақстанға келеді

Jun 5, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болгария президенті Румен Радев Қазақстанға ресми сапармен келеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады.