Ақмола облысында әкесі мен баласына жай түсіп мерт болды

Jun 3, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Ақмола облысында ер адам мен баласына жай түсіп мерт болды,

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында ер адам мен баласына жай түсіп мерт болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Зеренді ауданының Ақадыр ауылының екі тұрғыны найзағай соғып қаза болды. Қайғылы оқиға 1 маусымда Ақадыр ауылының маңындағы жайылымда болған. Алдын ала мәлімет бойынша,мал бағып жүрген кезде жай түсіп,әке мен кәмелетке толмаған ұлы оқиға орнында көз жұмған.

Зеренді ауданы әкімдігіне оқиға туралы телефон арқылы хабар түскен. Оқиға орнына жедел түрде полиция бөлімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері барған.

Облыс әкімдігі оқиғаның жергілікті атқарушы органдардың бақылауында екенін атап өтті.