Алматыда жанжал соңы атыспен аяқталды: бір адам зардап шеккен: 19 мамыр 2025, 10:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz

May 19, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда таныстар арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Полиция күдіктіні ұстады,- деп хабарл

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда таныстар арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Полиция күдіктіні ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше,атыс мегаполистегі көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Таныстар арасында жанжал туындап,ер адамдардың бірі қарсыласына оқ атқан. Оқ оның аяғына тиген. Оқиға бейнебақылауға түсіп қалған.

"Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы,35 жастағы күдікті ұсталып,уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару тәркіленді",– деп мәлімдеді полиция.