Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келеді

Apr 22, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді,- деп хабарлайды T

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді",- делінген хабарламада.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.

27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтеді.