Өндіріс

Атырау облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

Apr 11, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық сейсмологтар ошағы Атырау облысы аумағында орналасқан жер сілкінісін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық ұлттық дерек орталығының жедел дерегіне сүйенсек,жер асты дүмпуі 10 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 01:40-та тіркелген. Эпицентрі Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3. Энергетикалық класы - 9,1.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Еске салайық,2025 жылы 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл,Тараз,Шу қалаларында,Қордай,Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

Астана уақытымен сағат 15:56-да тағы бір жер сілкінісі болды.

Бұған дейін Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап,бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.