Теміртаудан шығаберісте боранға байланысты 40 көлік тұрып қалды

Feb 13, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қарағанды – Астана тасжолында көліктер колоннасы тұрып қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды – Астана тасжолында көліктер колоннасы тұрып қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше,Боран салдарынан Қарағанды – Астана тасжолында,Баймырза мен Ошақанды елді мекендерінің арасында 40 автокөлік тұрып қалған.

Қазіргі уақытта барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабық:

Қостанай облысы – Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 339-377 шақырымы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Ақмола облысы – Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 377-440 шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін).

Сондай-ақ 856-1230 шақырым аралығында Астана – Қарағанды – Алматы автожолы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Қажымұқан ауылына дейін).

Жолдың болжамды ашылу уақыты – 14 ақпан,07:00.

Қарағанды облысы – Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолының 970-1135 шақырымы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы – Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолының 1135-1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолдың болжамды ашылу уақыты – 14 ақпан,08:00.