Қар және 20 градус аяз: 7-9 ақпанда Астанада ауа райы қандай болады?

Feb 8, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазгидромет Астанадағы 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengri

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Астанадағы 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 ақпанда Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі,аздаған қар жауады,боран соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с,екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -19...-21°C,күндіз -12...-14°C аяз.

8 ақпанда ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -19...-21°C,күндіз -10...-12°C аяз.

9 ақпанда ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -17...-19°C,күндіз -7...-9°C аяз.