ҰҚК СҚО-да судьяның ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Feb 7, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ ҰҚК Петропавлда судьяның ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.k

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Петропавлда судьяның ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін кейбір Telegram-арналар Петропавлдағы №2 сот төрағасының қамауға алынуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Тергеу шараларын ҰҚК мен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жүргізді деген ақпарат тарады.

"ҰҚК бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды",- делінген ҰҚК Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.