Өндіріс

Әкімдерге Қазақстандағы жолдарды қатаң бақылау тапсырылды

Feb 6, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолдарды сақтау үшін ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату тапсырылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша норматив асып кеткен жағдайда көлік жолдарға жіберілмейді.

"Автожолдардың нормативтік жағдайын сақтау – басым міндеттің бірі. Көлік министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп,барлық жолдардың жағдайына қатаң бақылау жасап,ақауларды уақтылы жойып отыруды тапсырамын. Сондай-ақ ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату жұмысын жеделдетіп,нормативтен асып кеткен жағдайда,жолға шығуына рұқсат бермеген жөн",- деді Олжас Бектенов.