Өндіріс

Ақтауға CENIPА өкілдері ұшып келді

Dec 29, 2024 IDOPRESS

28 желтоқсанда Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері ұшып келді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

28 желтоқсанда Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері ұшып келді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтті,онда бірлескен міндеттер айқындалды.

Айта кетейік,Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) - азаматтық авиацияда орын алған авиациялық оқиғаларды тергеумен айналысатын уәкілетті орган.

27 желтоқсанда Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келген болатын. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиға орнына барып,алдағы жұмыстарды айқындады.