Сенат отырысында есірткі сақтаушыларға қатысты жаза мерзімін 5-10 жылдан 5-8 жылға дейін қысқарту ұсынылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сонымен қатар сенатор Нұрлан Бекназаров депутаттардың есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға жауапкершілікті күшейтіп,бас бостандығынан айыру мерзімдерін өмір бойына ұзартуды ұсынатынын мәлімдеді.
"Бұл құжатта есірткі құралдарын,психотроптық заттарды,олардың аналогтарын,прекурсорларын және күшті әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,сатып алу,сақтау,тасымалдау,жөнелту немесе өткізу кезінде,әсіресе жас адамдарға қатысты жеңілдетілген жауапкершілік шараларын қолдану ұсынылады. Сондай-ақ есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қарсы қатаң шараларды күшейту,оларды өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі мерзімдерге қамау жазасын тағайындау көзделіп отыр" - делінген құжатта.
Заң жобасында есірткі саудасымен айналысатындар мен курьерлерге қатысты жауапкершілікті дифференциациялау ұсынылады. Есірткі сақтаушыларға қатысты жаза мерзімдері төмендетіліп,сәйкесінше:
5–8 жыл (бұрын 5-10 жыл),
6–10 жыл (бұрын 6-12 жыл)
7–12 жыл (бұрын 10-15 жыл) болып белгіленген.
Сонымен қатар сенатор Нұрлан Бекназаров есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты жаңа 297-1-бапты енгізуді ұсынды. Бұл бапта заңсыз өндіріп,қайта өңдегені үшін мүлкін тәркілеумен бірге 5-10 жыл,ірі мөлшерде жасағаны үшін 6-12 жыл,ал алдын ала сөз байласқан бірнеше рет немесе аса ірі мөлшерде жасағаны үшін 10-15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Бұдан басқа,қызмет бабын теріс пайдаланған лауазымды тұлғалар үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылады. Сенатор Нұрсерік Шәріпов курьерлердің жасөспірімдерді есірткіге "баулап",олардың өміріне ауыр салмақ салатынын айтып,есірткі саудасына қатысты қатаң шаралар қажет екенін атап өтті.
Сенаторлар заң жобасын бірден екі оқылымда қарап қабылданған жағдайда,Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.