Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Алматыдағы өндірістік базаны аукцион түрінде электрон саудада сату туралы хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аталған актив e-qazyna веб-платформасында бастапқы баға деңгейінде — 1 622 390 000 теңгеге сатылды.
"Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталады",– делінген хабарламада.
Бұл қаражат елді дамытуға және қайтарылған активтерді ұтымды пайдалануға бағытталған экономикалық міндеттерді орындауға арналған негізгі ресурс болатыны атап өтілді.
Өндірістік базаның жалпы ауданы 6121,4 шаршы метр болады. Оның құрамына төрт әкімшілік ғимарат,төрт тұрғын емес нысан және бір қойма кіреді.
Жақын арада электрон саудаға тағы 7 түрлі активті шығару жоспарланған,олардың ішінде жер учаскелері,тұрғын емес нысандар және Алматы мен Астанадағы әкімшілік ғимараттар,сондай-ақ екі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестері бар.