Бүгін Мәжіліс "Пошта туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Пошта операторларының жұмысына қандай өзгерістер енгізілетінін депутат Екатерина Смышляева айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша,жаңалықтардың бірі – "Қазпошта" бөлімшелерінен сәлемдемелерді үшінші тұлғалардың алуына рұқсат беру болады.
Сонымен қатар,заң жобасында ескірген және сұранысқа ие емес пошта қызметтерін,мысалы,ашық хаттар мен бандерольдерді жіберу қызметін алып тастау көзделген.
"Сұранысқа ие емес хат-хабарларды сақтау мерзімі қысқартылады. Пошта инфрақұрылымына қатысты ескірген нормалар алып тасталады. Сондай-ақ бірқатар норма пошта байланысы нарығын дамытуға және осы саладағы реттеушінің өкілетін нақтылауға бағытталған",- деп қорытындылады депутат.