Өндіріс

Шымкентте жүргізушілер жол үстінде төбелес шығарды

Dec 5, 2024 IDOPRESS
Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты ПД бас

Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты ПД бастығы пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты ПД бастығы пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі көшелердің бірінде автокөлік жүргізушілері арасында туындаған жанжалдың бейнежазбасы тарады. Бұл оқиға туралы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков түсініктеме берді.

Алмасбековтың айтуынша,жанжал салдарынан жүргізушілердің бірі дене жарақатын алған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Алмасбеков азаматтардың қауіпсіздігін нығайту үшін Заңмен кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін,денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын еске салды",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ,полицей ешбір құқық бұзушылық жазасыз қалмайтынын атап өтті және қала тұрғындарын Заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.