Қыс мезгілінде Астана тұрғындары мен қонақтарына арнап көптеген ойын-сауық орындары әзірленеді: мұз айдындары,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аудандық әкімдіктер қысқы безендіру жұмыстарына шамамен 696,7 млн теңге бөледі,оның ішінде:
Нұра ауданы - 79 млн теңге;
Сарыарқа ауданы - 110 млн теңге;
Алматы және Сарайшық ауданы - 165 млн теңге;
Байқоңыр ауданы - 158,8 млн теңге;
Есіл ауданы - 183,9 млн теңге.
Мұз айдындарын,слайдтарды,шағын архитектуралық мүсіншелерді,фотоаймақтарды және басқа элементтерді орнату бойынша монтаждау жұмыстары қараша айының ортасынан басталды. Бұл жұмыстар желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады.