Астанада 27-28 қараша күндері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтуіне байланысты кейбір студенттер онлайн оқу форматына көшеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың мәлімдеуінше,27-28 қараша күндері:
4 жоғары оқу орны қашықтан оқу форматына көшеді;
2 жоғары оқу орны сабақтардың бір бөлігін қашықтан өткізеді;
2 жоғары оқу орны студенттерін демалысқа (1-триместр) жіберді;
5 жоғары оқу орны дәстүрлі офлайн оқу форматын сақтап қалды.
Ол шешімдерді жоғары оқу орындары өздерінің академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайтынын нақтылады.