Биыл қазан айының соңында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының өлі денесі табылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының волонтерлері Instagram парақшасында жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1994 жылы туған Супатаева Әйгерім 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы,Шевченко көшесі,15А үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Әйгерім сол күйі үйіне оралмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz)
Бойы 170-175 сантиметр,орта денелі,шашы қара түсті ұзын,көзі қоңыр.
Ол сұр пальто,қара шалбар,қызыл жолақтары бар көк кроссовка киген.