Өндіріс

Қазақстандық жерді мұрагерлікке алу құқығына байланысты Конституциялық Сотқа жүгінді

Nov 18, 2024 IDOPRESS
Қазақстан азаматы өсиет бойынша мұрагерлікке өту кезінде жер пайдалану құқығын шектеуге байланысты Констит

Қазақстан азаматы өсиет бойынша мұрагерлікке өту кезінде жер пайдалану құқығын шектеуге байланысты Конституциялық Сотқа жүгінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан азаматы өсиет бойынша мұрагерлікке өту кезінде жер пайдалану құқығын шектеуге байланысты Конституциялық Сотқа жүгінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституциялық Сотта азаматтың Жер кодексінің 40-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы отырыс өтті. Осы норма жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi.

"Көрсетілген норма өсиет бойынша мұрагерлерге заңды,даусыз және күші жойылмаған өсиет болған кезде мүлікке қатысты құқықтарын жүзеге асыруына кедергі келтіреді",- дейді өтініш беруші.

Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар: өтініш иесі және оның адвокаты,Парламент Палаталарының,Бас прокуратураның,әділет,ауыл шаруашылығы министрліктерінің,Республикалық нотариаттық палатаның,Парламентаризм институтының,заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілдері.

Конституциялық соттың соңғы шешімі кейінірек жарияланады.