Өндіріс

Тұман мен көктайғақ: ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Nov 5, 2024 IDOPRESS
Синоптиктер 4 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерт

Синоптиктер 4 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 4 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше,4 қарашада Астанада екпіні секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел соғады. Күндіз жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Ақмола облысында жауын-шашын – жаңбыр мен қар жауады. Облыстың солтүстігінде,батысында және оңтүстігінде көктайғақ,тұман күтіледі.

Көкшетау тұрғындарына 4 қарашада жолда абай болу керек. Мұнда түнде және таңертең тұман түсіп,көктайғақ болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының батысында,солтүстігінде,шығысында және Оралда 4 қарашада көктайғақ күтіледі,таңертең және түнде тұман түсуі мүмкін.

Синоптиктердің болжамы бойынша,Шығыс Қазақстан облысында да тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде және Абай облысының шығысында тұман,екпінді жел күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең көктайғақ,тұман болады деп болжанған.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып,тұман күтіледі.