Өндіріс

Шерзат Болаттың өлімі: Бас прокуратура тергеу барысы туралы айтты

Oct 31, 2024 IDOPRESS
Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат ісіне қатысты пікір білд

Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат ісіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Massaget.kz.

Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат ісіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Massaget.kz.

Бас прокуратура өкілінің сөзінше,тергеу барысы үнемі бақылауда.

"Өздеріңіз білетіндей,бірнеше тұлға ұсталып,бірқатар айып тағылды. 15 қазанда Алматыда өткен брифингте тергеу амалдары қалай жүріп жатқаны толық айтылды. Марқұмның әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмады. Өртке қатысты тергеу жүріп жатыр,сараптамалар тағайындалды",- деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салайық,4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген,осы кезде тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып,олар келіп Шерзатты пышақтап,басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі,ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген,бірақ оны құтқару мүмкін болмады.