Өндіріс

Мектеп бухгалтері 238 миллион теңгені жымқырып қалған

Oct 31, 2024 IDOPRESS
Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады.

"Ақтөбе қаласының прокуратурасы есепші Г-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып,мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын иемденгенін анықтады. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару,қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған",- делінген хабарламада.

Есепші Г-ның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сараланған.

"Арнайы прокурорлар қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін,Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды. 24.10.2024 жылы сот шешімі бойынша,есепші Г. кінәлі деп танылып,7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды".