Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" пленарлық отырысы барысында Қазақстанның мұнай мен газды өңдеуге мүдделі екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз мұнай мен газды,сондай-ақ маңызды минералдарды өндіру және өңдеу саласындағы қолданыстағы жобаларды ілгерілетуге және перспективалы жобаларды іске қосуға мүдделіміз. Сондай-ақ,су тапшылығы,температураның күрт көтерілуі және құрғақшылық сияқты климаттың өзгеруі салдарын еңсеруде БРИКС-тің орасан зор әлеуетін пайдалану керек",- деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ,Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы сыртқы сауда айналымының жартысына жуығын бірлестік елдерімен сауда құрағанын және оның серпінді өсіп келе жатқанын атап өтті.
"Біз сауда және инвестициялар,IT-технологиялар,маңызды минералдар,азық-түлік қауіпсіздігі,білім беру және туризм сияқты негізгі секторларда өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге тырысамыз",- деді Қазақстан Президенті.