Алматыда бүгін түнде жер сілкінісі сезілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше,17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында,Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.
"Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ",- деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік,Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.