Қазақстандықтар жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орай демалыс алады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді,сондықтан бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:
25 қазан,жұма - Республика күні,ресми демалыс;
26 қазан,сенбі - әдеттегі демалыс;
27 қазан,жексенбі - әдеттегі демалыс.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер қосымша демалыс күнін пайдалана алады,бірақ 26 қазан жұмыс күні болады.
Айта кетейік,Республика күні мерекесіне орай демалыс 2022 жылдан бастап беріледі.