Қорғаныс министрлігінің жаңа функциялары әскери қызметке,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның жаңа функциялары Үкіметтің күшіне енген қаулысында көрсетілген. Оларға мыналар жатады:
Министрлікте және Қарулы Күштерде жеке және қызмет бабында пайдаланылатын техникалық құралдарды (ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) алып кіру,алып шығу және пайдалану қағидаларын бекітеді;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекітеді;
қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын,"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 1-1),2),3),7) және 12) тармақшаларында көзделген әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер),қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер),әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітеді;
мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қорғаныс мұқтажын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиілік белдеулерін,радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру қағидаларын бекітеді;
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың криптографиялық құралдарын жобалауды,енгізуді,сүйемелдеуді және шығаруды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Қарулы Күштерді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Қарулы Күштерде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерін орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Қарулы Күштердегі қызметтердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу,бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер,сондай-ақ оларды қызметтен шығару,оларда банктік қарыздың,микрокредиттің болуы не болмауы,банктік қарыз шарты,микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидаларын келіседі;
Қарулы Күштердің әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қағидаларды бекітеді;
Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде,мекемелері мен ұйымдарында мөрлер,мөртаңбалар жасау,сақтау және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Қарулы Күштерде парашютсіз десант түсіру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Қарулы Күштердегі таудағы даярлық жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қатысады;
Қарулы Күштердегі әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметтік ісіне ведомствоішілік тексеру және бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Қарулы Күштердің орталық,өңірлік флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Қорғаныс министрлігіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті меморандумдар жасасады;
жоғары әскери,арнаулы оқу орындарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық,фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда,жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді.
Министрлік,құрылымдық бөлімшелер лауазымды адамдарының,Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының,Арнаулы операциялар күштері қолбасшысының,әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;.