Автобуспен ескі шахтаға құлаған төрт тау-кен құтқарушысының қаза болуы туралы іс бойынша "Майқайыңалтын" АҚ қызметкерлері қамауға алынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдіктілер тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іске тартылды. Кәсіпорынның алты қызметкері ұсталып,уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Павлодар облысының полициясы тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында "Майқайыңалтын" АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып,Павлодар ПБ УҰИ-ға қамауға алынды",- деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасып жатыр.