Өндіріс

Қазақстанға Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінеді

Sep 19, 2024 IDOPRESS
Қазақстан Тұран жолбарысы популяциясын қалпына келтіру үшін Нидерланды мен Ресейден жолбарыс алады. Бұл тур

Қазақстан Тұран жолбарысы популяциясын қалпына келтіру үшін Нидерланды мен Ресейден жолбарыс алады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты,- деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша,Іле өзенінің жағасындағы орманда,Балқаш өзеніне құятын,қамыс өсетін алқапта Тұран жолбарысы мекендеген.

"Мұнда соңғы жолбарыс 1948 жылы болған. Жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру үшін 2024 жылғы қыркүйектің соңына дейін Голландиядан 2 жолбарысты жеткіземіз. Бұл Тұран тұқымдас – Амур жолбарысы. Себебі осы 2 жолбарыс қана суыққа төзімді келеді. Қалған жолбарыстың бәрі жылы жерде өмір сүреді.

Сондай-ақ,2025 жылы Ресейден тағы 4 жолбарысты алып келеміз. Осылайша,бізде болған жолбарыстың популяциясы қалпына келтіріледі. Ол үшін бағдарлама бар",- деді Ерлан Нысанбаев Мәжілістің жалпы отырысында.