Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон Астанаға келді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тәжікстан көшбасшысының баспасөз қызметінің мәліметінше,Рахмонды Астана халықаралық әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Фото: president.tj
Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Астана әуежайында Садыр Жапаровты премьер-министрдің орынбасары - Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алғанын хабарлады.
Фото: president.kg
Еске салайық,бұған дейін Өзбекстан,Қырғызстан және Тәжікстан президенттері Астанаға жолға шыққаны хабарланған болатын.