Щучинскіде 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі turar_media-ға сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары ақпаратты растады.
"Бурабай ауданының полиция бөлімі бұл оқиға 14 қыркүйекте Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. 12 жастағы қыздың 5-қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткені алдын ала анықталған. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды,оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр",- деп нақтылады аудандық бөлімде.
Полицияның мәліметінше,қыз ауруханада жатыр.