Желіде 4-қабаттан секіріп кеткен ер адамның видеосы тарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеоны 28а шағынауданының тұрғындары түсірген. Кадрлардан тұрғын үйлердің бірінде ер адам алдымен 4 қабаттың ашық терезесінде бірнеше минут отырғанын көруге болады. Ер адамның үсті-басы қанжоса,сонымен қатар қоршаулар мен балкон сырты да қанға малынған. Біраз уақыт ол пәтердің ішінде біреумен сөйлеседі,содан кейін орнынан тұрып,төмен секіреді.
View this post on Instagram
A post shared by Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)
Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеу басталды.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
ҚІЖК-нің 201-бабының тәртібінде тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.