Вице-премьер Тамара Дүйсенова 2025 жылдың аяғына қарай қазақстандықтарға арналған бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйе пайда болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дүйсенованың айтуынша,медициналық қызметтерді бірыңғай цифрландыру үшін әрбір медициналық ұйымның ақпараттық жүйесін құру қажет.
"Бізде бес мыңнан астам түрлі медициналық ұйымдар бар. Осыған байланысты алдымен әрбір медициналық ұйымның ақпараттық жүйелері құрылды. Тиісінше,ол біріктірілгендіктен,көптеген жазбаларға рұқсат етілді. Емделмеген,дәрі-дәрмек алмаған адамдарға қол қойып,дәрі-дәрмек алып жатыр деп отыратын жұмысшылар бар болып шықты. Сондықтан қазір ақпараттық жүйелер біріктіріліп,барлығы ашық болатын кезеңге жеттік".
Вице-премьердің айтуынша,2024 жылдың аяғына қарай медициналық көмек көрсету мен медициналық сақтандыруға қатысты барлық бизнес-процесс толығымен интеграцияланған және ашық болады.
"Азаматтарды тіркеуге,қабылдауға қатысты қалған барлық жүйе – бұл жүйені келесі жылдың аяғына дейін аяқтаймыз. Осылайша бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйені құрдық",- деп түйіндеді Дүйсенова.