Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылды. Үкімет тиісті қаулы қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Теңіз жасағы" акционерлік қоғамын құру",- делінген құжатта.
Кәсіпорын қызметінің негізі мұнай төгілуін жою бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ТЖМ-мен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен компанияның жарғысын бекітуді,сондай-ақ мемлекеттік тіркеу үшін АҚ атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамды сайлауды,Қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруды және басқару органдары құрылғанға дейін оның мүдделерін үшінші тұлғалар алдында ұсынуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Серіктестіктің жарғылық капиталы республикалық меншіктен қалыптасады. "Теңіз Жасағы" АҚ-ның болжамды құны 187 миллион теңгеден асады.