Өндіріс

4 қазақстандық Сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін: ауылда шектеулер енгізілді

Sep 4, 2024 IDOPRESS
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ірі қара малынан Сібір жарасы анықталды. Алматы облысы санитариял

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ірі қара малынан Сібір жарасы анықталды. Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ірі қара малынан Сібір жарасы анықталды. Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайды растап,4 адам Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін екенін айтты.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық инспекциясының мәліметінше,мал ветеринарлық қызметке хабарламастан сойылған.

"Аурудың пайда болу себептерін анықтау үшін ветеринарлық инспекция СЭБД,ПД және облыс әкімдігімен бірлесіп науқастардың үйіндегі шикізат пен сою өнімдерінен,сондай-ақ,мал сою орнында топырақ сынамалары алынды",- делінген хабарламада.

Республикалық ветеринарлық зертхана биологиялық талдау микроскопиясы мен ПТР көмегімен жиналған материалдарға зерттеулер жүргізді. Бактериологиялық зерттеулердің нәтижесі әлі дайын болған жоқ.

"Биыл 12 тамызда бұл елді мекендегі мал Сібір жарасына қарсы екпе алған. Қазір елді мекенде жеке шаруашылықтардағы ірі қара малды оқшаулау және карантинге жабу жұмыстары жүргізілді. Мамандар малды күнделікті тексеруден өткізеді,аурудың клиникалық белгілері анықталмаған. Барлық қажет ветеринарлық-санитарлық шара қазіргі алгоритмге сәйкес жүргізіліп жатыр",- делінген жауапта.