Өндіріс

Павел Дуров Францияда ұсталды: Ресей СІМ мәлімдеме жасады

Aug 26, 2024 IDOPRESS
Франциядағы Ресей елшілігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты тұтқындауға қатысты жағдайды нақтылауға кірі

Франциядағы Ресей елшілігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты тұтқындауға қатысты жағдайды нақтылауға кірісті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Франциядағы Ресей елшілігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты тұтқындауға қатысты жағдайды нақтылауға кірісті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Франциядағы Ресей елшілігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Париж әуежайында қамауға алынғаннан кейін "жағдайды нақтылау үшін қажетті қадамдар жасады".

Ресей дипломаттары Дуров өкілдерінің Ресей елшілігіне жүгінбегеніне қарамастан,іс бойынша жұмысты бастады.

Мемлекеттік думаның вице-спикері Владислав Даванков Ресей СІМ басшысына Дуровты босату туралы өтініш білдірді.

"Оны тұтқындаудың саяси негізі болуы мүмкін және Telegram қолданушыларының жеке ақпаратына қол жеткізу құралы бола алады. Бұған жол беруге болмайды",- деді агенттік шенеунігі.

Алайда Ресей министрлігі Владислав Даванковтың үндеуі дипломаттардың жұмысына түрткі болмады деп мәлімдеді.

Еске салайық,Француз БАҚ ақпаратына сәйкес,арнайы қызметтер Париждегі Ле-Бурже әуежайында "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушысын ұстады. Ол Әзірбайжаннан жеке бизнес-джетпен ұшып келгені туралы хабарланды.