Синоптиктер алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана
23 тамызда көшпелі бұлт,кейде жаңбыр жауады,найзағай күтіледі,күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр,ал күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14,күндіз 19-21 жылы.
24 тамызда көшпелі бұлт,найзағай ойнайды,күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12,күндіз 16-18 жылы.
25 тамызда синоптиктердің болжамы бойынша,көшпелі бұлт,найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11,күндіз 16-18 жылы.
Алматы
23 тамызда бұлтты,жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20,күндіз 30-32 ыстық.
24 тамызда көшпелі бұлттылық,күннің екінші жартысында қысқа жаңбыр жауады,найзағай болжанады. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр,найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20,күндіз 26-28 жылы.
25 тамызда көшпелі бұлт,түнде жаңбыр жауады,найзағай күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр,найзағай кезінде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 15-17,күндіз 24-26 жылы.