Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 31 тамыздан бастап паркингтерде және тұрақтарда электркөлікті қуаттауға мүмкіндік беретін өрт қауіпсіздігі ережелеріне түзетулер енгізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Колеса" мәліметінше,ТЖ министрінің бұйрығына сәйкес электркөліктері мен олардың қуаттау станцияларын бокстарда,паркингтерде,көлік тұрағына арналған үй-жайларда,өндірістік көлікжайда,шатырлардың астында және көлікті сақтаудың ашық алаңдарында орналастыру сәулет,қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативте белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті биыл сәуірде қала құрылысы нормаларына қуаттау станцияларын орнату үшін қажетті өзгерістерді қабылдады.
Осылайша,31 тамыздан бастап қуаттау станцияларын орнатуға және сипатталған талаптарды сақтап,паркингтер мен автотұрақтарда электркөлікті қуаттауға болады.