Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробациялық бақылау тәртібін бұзды деп айыпталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде бостандығын шектеуге үкім шығарылған Нұрасыл Болаттың түнде Алматыдағы көшеде достарымен бірге жүргені көрсетілген видео жариялады.
"Таң атпастан видео келді. Видеодағы депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығы шектелген және оған міндеттер жүктелген,бірақ видеодан оны сақтамай жүргені көрінеді. Видео шамамен таңғы 3-те салынған,23.00-де ол үйде болуы керек. Сонымен қатар,оның тіркелген жері,пробация да Астана қаласында,ал видео түнде Алматы қаласында түсірілгені айтылды. Қаншама заңбұзушылық?! ҚАЖК-ға біраз сауалым бар",- деді ол.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметінде сотталған адамға қатысты үкім 14 тамызда пробация қызметіне (тіркелген жері бойынша) орындауға түскенін хабарлады.
"Заңнамаға сәйкес пробациялық бақылау сотталған адамды есепке алған сәттен бастап жүзеге асырылады",- деп түсіндірді ҚАЖК.
Еске салайық,бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды. Бұл оқиға туралы заңгер Анна Чернова жазды.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп,кешірім сұрады.