Жамбыл облысы әкімі аппараты Tengri Auto-ға берген ресми жауабында облыс әкімдігінің автопаркі туралы айтты.
Шаруашылық басқару балансында 8 жеңіл көлік бар. Олардың ішінде Mercedes-Benz W222,Hyundai Palisade (екі көлік),Toyota Land Cruiser 200,Toyota Highlander,Toyota Camry 55,Kia Quoris,Toyota Hiace бар.
Әкімдік өкілдері сатып алу кезінде орташа жиынтықтағы автомобильдерге баса назар аударылатынын түсіндірді.
"Жамбыл облысы әкімдігінің автопаркін жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады",- деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Жанболат Нұрмолдаұлы.