Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында ТЖ қызметкерлері суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Түпқараған ауданында болған. 2003 жылы туған ер адам Каспий теңізінің жағалауында шомылуға жабдықталмаған жерде суға түсіп,өз бетінше жағаға шыға алмаған.
"Жедел-құтқару жасағы жас жігітті судан шығарып,жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды",- делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!