Мемлекет басшысы "Ақорда" резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп,екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.