Сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сотталушы сот үкіміне сәйкес,қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жібірілді. Сонымен қатар,Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз",- делінген хабарламада.
Кодекске сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.