Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін үкімет отырысы барысында бірнеше облыс әкіміне ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жиында сөз сөйлеген Үкімет басшысы ауыл медицинасына жаңа медициналық мекемелерді жаппай енгізу және медицина кадрларының белсенді ағыны қажет екенін атап өтті.
"Әкімдіктер барлық нысанның құрылыс жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуіне күнделікті бақылауды күшейту қажет. Қарағанды,Ақтөбе,Павлодар,Батыс Қазақстан,Алматы облыстары мен Жетісу облысының әкімдерінің назарын аударамын. Әсіресе солтүстік өңірлер үшін құрылыс маусымы жақын арада аяқталатынын ескеру қажет",– деді Премьер-Министр.
Премьер-министр барлық нысан белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін атап өтті.