Қазгидромет сегіз өңірдің тұрғындарына аптап болатыны туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер 23 шілдеде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.
"Атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады,найзағай,бұршақ және жел соғып,жаңбыр жауады,солтүстікте,солтүстік-батыста,оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. ҚР солтүстігінде,шығысында,оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі",- делінген хабарламада.
Күндіз Атырау,Қызылорда,Маңғыстау,Жамбыл,Алматы облыстарында,Жетісу облысында,Ақтөбенің оңтүстігінде,батысында,Түркістан облысының шөлейт аймақтарында аптап күтіледі.
Сондай-ақ,метеорологтар Астана мен Қазақстанның төрт қаласының тұрғындарына ескерту жасады.
"2024 жылдың 23 шілдесінде Ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Өскемен,Семей,Риддер қалаларында,түнде Астана,Атырау қалаларында күтіледі",- делінген хабарламада.