Алакөл көлінің жағасынан 40 шақырым жерде сегіз адам мінген қайықтың қозғалтқышы істен шығып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар туристерге көмекке келді.
"ТЖМ қызметкерлері оларды өз қайықтарымен жағаға шығарып,құтқарды. Туристерге медициналық көмек қажет емес",- деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылардың бірінің сөзінше,туристер жағаға екі қайықпен шығарылды,ал олардың моторлы қайығы көлде қалды.