Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы айтты. 2024 жылы ауданның жалпы ұзындығы 13,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Егер былтыр ауданның 11,4 шақырымдық 12 көшесінде орташа жөндеу жүргізілсе,биыл 13,3 шақырымдық 18 көше орташа жөндеумен қамтылады. Жұмыстар Жандосов,Өтеген батыр,Серегин,Ақжайнақ,Пятницкий,Трудовой көшелерінде басталды. Жөндеу жұмыстары аясында аудан әкімдігі бүгінде 30 мың шаршы метр жол төсемі мен тротуарларды қалпына келтірді,жыл аяғына дейін тағы 17 мың шаршы метрді қамтымақ",- деді әкім.