Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.
Қала прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей,Қырғызстан,Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды.
"Шет ел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне,жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған.
5 маусымда Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған соталды тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды",- делінген хабарламада.
Әдетте заңсыз көші-қонды ұйымдастыру,жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады.
"Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары,жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізіп жатыр".