5 шілдеден бастап Астанада автобустар қозғалыстың бекітілген схемасына оралады. Бұл туралы елорда тұрғындарына City Transportation Systems ЖШС хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ертең,5 шілдеде ШЫҰ саммиті аясында көлік қозғалысы шектелген барлық ауданда бекітілген қозғалыс үлгілеріне сәйкес маршруттық қозғалыс қалпына келтіріледі",- делінген CTS хабарламасында.
Бұған дейін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары саммитінің аяқталуына және Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік сапарының аяқталуына байланысты еліміздің төрт қаласында лаңкестік қауіптің "сары" деңгейі алынған болатын.